г. Астана, ул. Сыганак 60/5
ТРЦ Abu-Dhabi Plaza, 2 этаж

Часы работы:
Ежедневно с 10-22
Астана қ., Сығанақ көшесі 60/5,
Abu-Dhabi Plaza СОО, 2-қабат

Жұмыс уақыты:
Күн сайын 10:00–22:00

АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ ЖАРНАМАЛЫҚ ХАБАРЛАМАЛАРДЫ АЛУҒА КЕЛІСІМ

Осы келісімді беру арқылы пайдаланушы «КИДБУРГ НУР-СУЛТАН» ЖШС-не, БСН 190640018427, өзіне жарнамалық және ақпараттық хабарламалар жіберуге рұқсат береді.

Хабарламаларда мыналар қамтылуы мүмкін:

1. Жеке ұсыныстар;
2. Іс-шаралар, бағдарламалар және сыйлық сертификаттары туралы ақпарат;
3. Сауалнамалар, шақырулар және басқа да ақпараттық материалдар;
4. Жаңалықтар, акциялар және арнайы ұсыныстар;
5. Туған күнмен құттықтаулар және еске салулар.

Хабарламалар пайдаланушылар өздері ұсынған байланыс арналары (WhatsApp, электрондық пошта, әлеуметтік желілер және т.б.) арқылы жіберілуі мүмкін.

Хабарламаларды дайындау және жіберу үшін пайдаланушы ұсынған деректер қолдануы мүмкін.

Келісім берілген күннен бастап 5 жыл бойы немесе пайдаланушы оны кері қайтарып алғанға дейін жарамды.

Пайдаланушы кез келген уақытта kidburg@kidburg.kz электрондық поштасына немесе өзіне ыңғайлы басқа тәсілмен өтініш жолдау арқылы хабарламалар алудан бас тартуға құқылы.

Бас тарту туралы өтінішті алғаннан кейін «КИДБУРГ НУР-СУЛТАН» ЖШС көрсетілген байланыс дерегіне жарнамалық хабарламалар жіберуді тоқтатады. Бұған бұрын тапсырыс берілген қызметті рәсімдеу, растау және көрсету үшін қажетті хабарламалар кірмейді.

Келісім беру ерікті болып табылады және «КИДБУРГ НУР-СУЛТАН» ЖШС билеттерін сатып алудың, брондаудың немесе қызметтерін алудың міндетті шарты болып табылмайды.

Made on
Tilda